ШҚОМәдениетҚоғамТОПШҚО

Домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті – ШҚО

Облыс орталығында Домбыра күні мерекесі арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Semey News.

2018 жылы Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Содан бері Қазақстан халқы атаулы датаны тойлап келеді. Домбыра қазақтың жаны, салтанат, сәні. Керек десеңіз, өмірінің мәні. «Күй атасы Бәйжігіт» деп, өнер иелеріне құрметпен қараған қазақ Құрманғазы мен Қазанғап, Дәулеткерей мен Тәттімбет, Дина мен күні кешегі Нұрғиса, Қаршығаға дейінгі күйшілерге төрінен орын берді. Қасиетті ұлықтаған бүгінгі ұрпақ домбыраны ата мұрасы санайтыны анық.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

 

– Ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының жерінде дрмбыраға ескерткіш орнатылды. Аспап оның серігі болды, әуендер мен күйлер оған шабыт берді. Бүгінгі таңда біздің аймағымызда жас домбырашылар көп болғаны қуантады. Бұл мәдени мұрамызға деген құрметті білдіреді. Сондықтан әр үйде халықтық әуендер естілуі керек, – деді облыс басшысы.

Биылғы жылы мереке қарсаңында бірқатар маңызды шаралар өтті. Олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің және А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қолдауымен облыстық Жастардың ресурстық орталығы домбыра күніне арнап жылсайынғы «Домбра party» акциясын өткізді. Санитарлық талаптарға байланысты мерекелік шараның концепциясына өзгерістер енгізілді, бірақта бұл жастарға өз таланттарын көрсетуге бөгет болмады.

«Домбра party» негізгі мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу. Жалпыұлттық патриотизм, елжандылық руһ туғызу. Ұлттық болмысты сақтап, өскелең ұрпаққа дәріптеу, жол көрсету. Сондай-ақ, шығысқазақстандық кез-келген азаматтың кешке қатысып, өнерін көрсетуіне мүмкіндік беру.

  • Біз Арбатта кең тараған домбыра шығармаларын орындадық. Көптеген адамдар, жасы да үлкені де тоқтап тамашалады, қол соғып бізге қолдау білдірді. Оларға домбыра әуенінің, біздің қойылымымыз ұнағаны жақсы болды, – деп ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің 3 курс студенті Ерназ Нұрлыбеков әсерімен бөлісті.

Кітапхана қызметкерлерімен «Домбыраның сиқырлы шектері» атты ақпараттық-кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден әйгілі күйшілердің, композиторлардың шығармаларымен, өмірімен, музыкалық аспаптардың шығу тарихымен танысуға болады.

Осымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын және Домбыра күнін мерекелеу шеңберінде әнші, ұстаз, композитор, Мәдениет қайраткері ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және М.Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық фестиваль өтті. Фестиваль барысында шығыстың тумасы, белгілі шеберлер Жолаушы Тұрдығұлов,  Әділ Тұрғанбаев, Амангелді Смағұлов, Ержан Оразалин  мастер-классы, сондай-ақ, облысымыздағы ұлттық аспаптар жасайтын шеберлердің көрмесі мен мастер-класстары өтті.

Одан бөлек Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Клара Төленбаева сынды еліміздің танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағадарламаны ұйымдастырылды.

 

Мереке күні Шығыс Қазақстанда концерттер ұйымдастырылды, белгілі орындаушылар, домбыра ансамблдері, хореографиялық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.

  • Мәдениет басқармасының қолдауымен біз бүгін Жамбыл атындағы саябақта домбыра күнін атап өтуге жиналдық, – деді «Ертіс концерт» директоры Данияр Мергалиев. – Бұл күнді тойлау маңызды. Домбыра – ұлттық рухтың даралануын, қазақ халқының тарихын көрсетеді. Бізде «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» афоризм бар. Қазақстар музыкант болып туады. Біз бала күнімізден өлең айтамыз, домбырада және басқа да аспаптарда ойнауға үйренеміз. Бұл жастар үшін, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін маңызды, себебі олар ұлттық мұраны, дәстүрлерімізді білуі керек.

Айтып өтейік, барлық мерекелік іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Домбыра күні кешкілік концертпен аяқталады.

 

 

Осы айдарда

Back to top button