ҚазақстанҚоғамСпортТОП

Қазақ күресінен Qazaqstan Barysy турнирі өтіп жатыр

Елордада Qazaqstan Barysy Х республикалық турнирі басталды. Белдесулерді Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Semey News ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналады. Жыл бойындағы іріктеуден іркілмей өткен 37 балуан турнирдің ақтық кезеңінде бақ сынайды. Олардың 11-і бірінші рет бас сынағалы отыр.

Осы жылғы сайыстың бірінші орын иегеріне 25 млн теңге және алтын тұяқ, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Күміс жүлдегеріне 5,5 млн теңге, қола жүлдегеріне 1 млн 800 мың теңге беріледі. Биыл 10 жылдығы атап тойлап жатқан турнирді түркі тілдес елдерге хабар тарататын ТRТ АVAZ арнасы да тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

Биыл турнирдің регламентіне бірқатар өзгеріс енгізілгенін айту керек. Белдесу уақыты бес минуттан төртке дейін, ал қосымша уақыт екі минуттан бір минутқа дейін қысқартылған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button