ҚоғамСемейТОП

Семейдегі № 2 ХҚК орталығы 7 шілдеден бастап қалыпты жұмыс істейді

Семей қаласындағы № 2 ХҚК орталығында жөндеу жұмыстары аяқталуда, 7 шілдеден бастап өзіне өзі қызмет көрсету қайта жанданады, деп хабарлайды Semey News.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті алдын ала брондау бұрынғыдай қалады. Осының арқасында сіз белгіленген уақытта қызмет ала аласыз. ХҚК орталығына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала брондау Egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телерам-боты немесе 1414 байланыс орталығы жасауға болады. Ең танымал мемлекеттік қызметтерді Egov.kz электрондық үкімет порталында, eGovKzBot2.0 жеделхат ботында және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта дербес алуға болатынын ескеріңіз.

Электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған аймақтар ХҚКО-да жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыс істемегенін еске саламыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button