Ashyq жобасы Шығыс Қазақстан облысында 26 сәуірден бастап іске қосылған.
«Жобаны енгізген уақыттан бастап «карантин» статусына (520 «сары», 102 «қызыл» статус) ие бола тұра, қандай да бір нысандарға кіруге тырысқан 622 факті анықталды. Оқшаулануды сақтамағандарға эпидемияға қарсы шара жүргізіліп, үй карантинінің талабын сақтау туралы қаулы берілді», делінген хабарламада.
11 маусым мен 1 шілде аралығында үй карантинін бұзғаны үшін Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғаға 15 АЕК немесе 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес облыс аумағында Ashyq жобасына ресми түрде 720 кәсіпкерлік нысаны қатысуда. Бизнес үшін аталмыш қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Semey News