Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кеше кешке болған.
«Бала 7-шағынаудандағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлады. 19.25-те хабар түсті. Оқиға орнына 19.28-де жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады облыстық басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Бала жабық бас сүйек-ми зақымы, сонымен қатар сол жақтағы тоқпан жіліктің жылжып кетіп сынуы диагнозымен түсті. Жұмсақ ұлпаларына зақым келген».
Ксения Жылқыбаеваның айтуынша, қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Басқарма дерегіне сай, жылдың басынан бері 9 бала терезеден құлаған.
Соның өзінде, бұл – облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінен өтіп, аман қалғандардың саны.
Semey News