ҚоғамҚылмысСемейТОП

Жеңілдікпен үй аламын деп, семейлік әйел жем болды

31 жастағы семейлік әйел жеңілдікпен үй аламын деп, алаяққа жем болды, деп хабарлайды Semey News.

2019 жылдың қазан айында Семей қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында, алдау және сенімге кіру жолымен жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағаға сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен бейтаныс әйел оның 500 000 теңге сомасындағы қаражатын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Фото: ашық дерек көздерінен

Осы айдарда

Back to top button