
«Науқас үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты. Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді», – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта бірнеше адамды тоқ соқты.
Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді.
Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова, ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.
Алматы әкімі оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Semey News