ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да суға түсу маусымының басынан бастап 12 адам суға батты, оның ішінде 3 бала

Шығыс Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан 12 адам, ал соңғы апта ішінде 7 адам, олардың ішінде 2 бала суға батып кетті, деп хабарлайды Semey News.

Тағы бір қайғылы оқиғалардың бірі 1 шілде күні Миролюбовка ауылындағы Бұқтырма су қоймасында болды. 1997 жылғы бойжеткен  үрлемелі матраспен жағалаудан тым алысқа кетіп қалыпты. Артынша суға құлап кетіп, қайта шыға алмай қалған.

Соңғы аптада облыста барлығы 7 адам суға батып кеткен, оның ішінде 2-еуі бала.

–        Cуға түсу маусымы басталғаннан бастап облысымызда 12 адам, олардың ішінде 3 бала суға батып кетті. Негізінен 20 мен 40 жас арасындағы ересектер. Көп жағдайда ересек адамдар мас күйінде суға түсіп, қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ал балалар болса, ата-анасының қарауынсыз қалып немесе үлкендерге ескертпей суға түсіп кетеді. Нәтижесінде осындай қайғылы жағдайларға тап болады, – деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дмитрий Титов

Semey News

Осы айдарда

Back to top button