СемейСпортТОП

Семейде шағын футболдан республикалық турнир басталды

Семейдің "Арена" мәдени-спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының  және Алтай спорт клубының қолдауымен футболдан мини турнир өтуде, деп хабарлайды Semey News.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдердің спорттық шеберліктерін жетілдіру.
— Бүгін 2005-2006 және 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр. Додада барлығы 17 команда бақ сынасуда. Оның ішінде 3 команда Алтай клубының атынан қатысуда. Біздің клуб “Арена” мәдени-спорт кешенінде жұмыс жасап жатыр. Әлі де шағын футбол үйірмесіне балаларды қабылдау жалғасуда. Үйірме тегін, 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Футболдан бөлек, бізде суда жүзу, баскетбол, үстел теннисі бар. Санитарлық талаптарға байланысты аз команда шақырдық. Бұл турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Көп командаларды көргіміз келеді,-деді “ALTAY SPORTS CLUB”  клубының директоры Жан Қамбаров.

Айта кетейік, турнир 1 шілдеден 6 шілдеге дейін жалғасады. Турнир жанкүйерлерсіз өтуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button