
Бұл туралы онлайн брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев хабарлады. Шараға итальяндық опера әншілері, Моңғолиядан, Қырғызстаннан және Чехиядан өнер жұлдыздары қатысады. Академияда тек вокалдық білімі бар адамдар оқи алады. Биыл 20 адамды қабылдау жоспарланған. Олар арнайы іріктеуден өтеді. Шетелдік әртістер үшін білім алу ақылы. Отандық вокалистерге оқу тегін.
Нұрғиса Дәуешев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
– «Астана Опера» Халықаралық опера академиясының ашылуы «Астана опера» труппасының солистеріне, сондай-ақ жас әншілерге, дерижерлерге, пианистерге, мамандарға біліктілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр.
Semey News