ШҚОҚоғамТОПШҚО

Смартфондарды түрмеге құмға жасырып, кіргізбек болған – ШҚО

ШҚО-да 32 жастағы сотталған 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігінің бортында құмға жасырып өтуге тырысқан, деп хабарлайды AltayNews.

ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу деректерінің алдын алды.

“Мекеменің өндірістік аймағына құм әкелген “Камазды” тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылып, тәркіленді, оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 сим карта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған”, – деп түсіндірді мекеме бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 481-бабы 1-бөлігі сйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар жиналуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button