
Оқшаулау режімін бұзушылар «ASHYQ» жобасы арқасында анықталды.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда «ASHYQ» жобасы 900 нысанда, соның ішінде 344 қоғамдық тамақтану нысанында, 167 демалыс базасында, 9 автобекеттерде, әуежайда және халыққа қызмет көрсету орындарында қолданылады.
Сонымен қатар аймақта QR-код арқылы көп кіретін 35 мекеме бар, олар: Өскемен қаласында орналасқан сегіз қоғамдық тамақтану орны, бір университет, балалардың ойын-сауық орталығы, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын бір мекеме. Семейде 21 мекеме, Риддер қаласында бір демалыс базасы, Аягөз ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы.
Өскемен және Семей «сары» аймақта, ал көшбасшы-мекемелер «жасыл» аймақ жағдайында жұмыс істей алады.
«ASHYQ» жобасы іске асырылғаннан бері оқшаулау режімін бұзудың 214 фактісі анықталды. «Қызыл» мәртебесіндегі 34 және «сары» мәртебесіндегі 180 адам түрлі нысандарға кірмек болған. Ең көп тәртіп бұзушылар Семейде тіркелген, барлығы 144 адам. Өскеменде 44 бұзушылық анықталды. Сонымен бірге Семей әуежайында «қызыл» мәртебесіндегі бір адам және «сары» мәртебесіндегі үш адам болған.
Semey News