
«Volvo FH12» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінен қозғалыс кезінде өрт шығып, тілсіз жау көліктің салонына жайылған.
– Қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 7,5 шаршы метрді құрайды. Өрт қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істегеннен пайда болған, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына дереу келген өрт сөндірушілер жарылыс болуының алдын алып, бірінші кезекте көліктің багын босатуға тырысты.
Осылайша өрт 17.00-де толықтай ауыздықталды.
Semey News