ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей тұрғыны алаяққа алданды

Семей тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа 137 мың теңгеге алданған, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, маусым айының басында Семей қалалық полиция басқармасына 38 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында оған бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін рәсімдеуді ұсынған. Қызметі үшін семейлік азамат 137 мың теңге берген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімімен 32 жастағы жергілікті әйел анықталды. Өз кінәсін толықтай мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button