ҚазақстанОқиғаТОП

Ақтөбеде 19 жастағы бозбала суға батып кетті

Ақтөбеде жүзе алмайтын тағы бір тұрғын суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде қайғылы жағдай тіркелді. «Миа» жеке жағажайына достарымен демалуға барған бозбала суға түсіп, жағаға шыға алмай қалды. Ол жүзе алмаған. Денесін құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен алып шықты.

«Жыл басынан бері облыс аумағында 13 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Өткен жылға қарағанда өсім бар»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін де суда жүзе алмайтын ақтөбелік жағаға шыға алмай, мерт болды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button