ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Биыл ПТР мен вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 27 іс қозғалды

Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-сынамасы мен электрон вакцинация паспортын қолдан жасағандарға қатысты қылмыстық іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК отырысында Қожаев полиция органдары ПТР-сынамасын қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс, ал вакцинация паспорттарын қолдан жасау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ішкі істер министрлігіне ПТР-сынама нәтижелерін және вакцинация паспортын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button