
Мына командалар ойнайды:
- Швейцария – Испания (Санкт-Петербургте ойнайды, матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады);
- Бельгия-Италия (Мюнхен, 01.00).
Алғашқы ойынды Qazsport көрсетеді. Екінші матчті Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.
Еске салайық, 3 шілдеде Чехия – Дания (Баку) және Украина – Англия (Рим) кездеседі.
Еске салайық, Еуропа чемпионаты 12 маусымға қараған түні басталды. Финал Лондонда 12 шілдеге қараған түні Уэмбли стадионында өтеді. Турнир Еуропаның 11 қаласында өтіп жатыр.
Semey News