ШҚОҚылмысТОП
Павлодар қаласының тұрғыны танысының көлігін ұрлап кеткен
Ағымдағы жылдың маусым айының басында ШҚО Алтай қ. ПБ «102» жедел арнасына 37 жастағы ер адам оның қалада тұрған гараждан белгісіз тұлға осы жылдың мамыр айының соңында 1 300 000 теңгеге сатып алған «Лада Приора» автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Semey News.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған көлікті Гэсовская көшесіндегі жол бойындағы орман алқабынан тапқан, көліктің рөлінде Павлодар қаласының тұрғыны, 37 жастағы ер адам болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
– ШҚО Полиция департаменті көлік құралдарының иелерін қырағы болуға, өз автокөліктерін ашық қалдырмауға, көлік құралдарын мамандандырылған тұрақтарда, паркингтерде немесе бейнебақылау камераларының көріну аймағында қоюға ескертеді.
Semey News