ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО полицейлері ұялы телефон сату дүңгіршектерін тексерді

Мүлікті қорғау жөніндегі Ішкі істер министрлігінің бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларының криминалдық полиция бөлімдері 26-27 маусым күндері ұрланған телефондарды сату фактілерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Semey News.

Өткен демалыс күндері жедел қызметкерлер бұрын пайдаланған телефондарды өткізетін 42 орынды тексерді. 3 мыңға жуық телефон тексерілді, оның ішінде 14 телефон ұрланған болып шықты. Олар алынып сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді.
Сондай-ақ рейд жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұялы телефондарды сатушылармен қасақана қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған профилактикалық жұмыс тиімді нәтижелер береді және жүйелі түрде жүргізіледі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button