ДенсаулықСемейТОП

Семейде Қазақстандағы тұңғыш радионуклидті терапия бөлімшесі ашылды

24 маусымда Семейдегі онкология және ядролық медицина орталығының базасында Қазақстандағы тұңғыш радионуклидті терапия бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Semey News.

Сол күні бөлімше алғашқы 14 науқасты қабылдады. Шымкент, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Аягөз қалаларынан, Ақсуат ауылынан келген және Семей қаласындағы науқастар ем қабылдады.

30 маусымда радиойодтерапия қабылдап болған науқастар үйлеріне шығарылды.

Бұрын қалқанша безін радиоактивті йодпен емдеу елімізде қолданылып көрмеген. Сондықтан аталған жағдай қазақстандық денсаулық сақтау саласы үшін шынымен де тарихи оқиға.

66 жастағы Шымкент тұрғыны, Назаралы Бекмұратов терапиядан алған әсерлерімен бөлісті.

«Мен бұрын, көпшілігіміз сияқты, ешқашан ауырмаймын деп ойлағанмын.  Артымда үлкен спорттық өмірім бар, иммунитетім бұзылмаған. 18 жыл бұрын мен өзімді қолайсыз сезіне бастадым, басым айналды, тітіркенушілік, тершеңдік және тағыда басқа симптомдар пайда болды. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы себебін анықтай алмады. Тек 4 жылдан кейін ғана мен, қалқанша бездің ауыратынын білдім, менің диагнозым – диффузды улы зоб. Содан кейін мен үнемі тиреостатикалық дәрілерді қабылдадым. Олар жағдайды бақылауда ұстауға көмектесті, бірақ менің денсаулық жағдайым жақсарған жоқ.

Бірнеше жыл бұрын мен, Семейде мен сияқты адамдарды радиоактивті йодпен емдеуді жоспарлаған ядролық медицина Орталығы салынып жатқанын естідім.

Мен алғашқы науқастардың бірі болғаныма қуанамын, менің жолым болды деп ойлаймын! Бөлімше ұжымы мейірімді, үнемі назар салып тұрады. Қондырғылар мен жабдықтар әсерлі, бұл жерде науқастар мен қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігі бірінші кезекке қойылған. Радиоактивті йодты мен сұйықтай қабылдадым, су ішкендей болдым, сұйықтық түссіз және иіссіз. Бірінші қабылдаудан кейін мен өзімді жақсы сезіне бастадым. Қазір жағдайым жақсы. Емді жолдама арқылы тегін қабылдадым.

Шығарғаннан кейін екі сағат ішінде Шымкентке ұшамын. Біздің қаламызда облыстық эндокринологиялық диспансер бар, мен сол жерде есептемін. Қызметкерлер мені тосып отыр, олар ем туралы білгілері келеді. Қалаға келгеннен кейін мен алған әсерлеріммен бөлісемін. Осындай маңызды істі жүргізіп жатқан орталық қызметкерлеріне рахмет! Ал науқастарға тезірек сауығып кетулеріне тілектеспін!».

Естеріңізге сала кетсек, радиойодтерапиясы қалқанша безінің екі патологиясы бойынша науқастарды емдеуді қарастырады – олар, қалқанша безінің қатерлі ісігі және тиреотоксикоз (қалқанша безінің шамадан тыс белсенділігінен туындаған ауыру түрі).

Бірінші жағдайда радиойодтерапиясы хирургиялық әдіспен кешенді қолданылады. Қалқанша безінің субстраты толықтай алынып тастағаннан кейін радиойод сол жерге жиналып, оның қалдықтарын жояды.

Екінші патология бойынша безді алудың қажеті жоқ. Препарат тиреостатиктермен консервативті ұзақ мерзімді емдеуге балама болып табылады. Йод изотоптары қалқанша безінің  түтіктерін іштен сәулелендіреді және гормондардың бөлінуін тоқтатады.

Радионуклидті терапия бөлімшесі Қазақстандағы алғашқы ашылған бөлімше болғандықтан, еліміздің барлық аймақтарындағы науқастарды қабылдайды.

Арнайы ем қабылдау үшін, науқастар бірінші кезекте тұрғылықты мекенжайлары бойынша емханалардан тексерілуден өтулері керек. Нәтижесі бойынша науқас радиойодпен емдеуге жататыны немесе жатпайтыны анықталады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button