ҚазақстанҚылмысТОП

Алматы облысында қызы анасын өлтірді

Алматы облысында мас қыз анасын өлтіріп, денесін жертөледе жасырған, деп хабарлайды BAQ.KZ. Polisia.kz. сілтеме жасап.

Іле АІІБ кезекші бөліміне 77 жастағы ер адам әйелінің денесін уақытша баспананың жертөлесінен тауап алғаны туралы арыз жазған.

Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы қарт әйелдің күйеуімен бірге үйде тұрғанын, ал оның 57 жастағы қызы уақытша баспана тұрып жатқанын анықтайды. Қызы ішімдік ішеді екен, мәйітті тапқан кезде де қызы мас болғын.

Полиция оқиға болған жерді тексеру кезінде айғақтар мен қылмыс құралын тауып алған.

Айыққаннан кейін қызы анасын өлтіріп, енесін жертөлеге жасырып қойғанын мойындаған.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button