ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, 29 маусымда Алтай ауданы Зубовск ауылының шетінде ойнап жүрген 8 жасар қыз бала абайсыздан Бұқтырма өзеніне құлап, батып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қызын құтқармақ болған қыздың анасы, 1994 жылғы әйел адамда суға батып кетті.
Батып кеткен қызды құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган және полиция іздеді. Құтқарушылар денені бала суға құлаған жерден төмен қарай 10,5 шақырымнан тапты.
Шомылу маусымының басынан бастап облыста 6 ересек адам және 2 бала суға батып кеткен.
Semey News