– Қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің жұмысшылар өздерін және жақындарын вирустан қорғау үшін вакцинациялауға ерікті түрде ниет білдірді. Жұмысшылардың басым көпшілігі қазірдің өзінде екпе алды. Бізге жетекшілік ететін, екпе жасайтын №3 емханамен байланыс жасаймыз. Алдымен вакцинациядан өтуге ниет білдірушілер дәрігердің кеңесінен өтеді. Содан кейін вакцина алғандығы туралы куәландыратын құжат жазу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеледі, – дейді “Семей құрылыс материалдары” ЖШС қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Галина Ботячкова.
Жұмысшылардың өздері де вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.
– Бұл, ең алдымен өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды, – дейді кәсіпорын қызметкерлерінің бірі Евгений Макеев.
Айта кетейік, вакцинация жалғасуда.
Semey News