ШҚОҚоғамТОПШҚО

Семей қаласының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ағымдағы жылдың 13 маусымында сағат 11:00 шамасында Семей қ. Комбинатская көшесі бойында ППБ қызметкерлері 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 33 жастағы Семей қаласының тұрғынын мас күйінде көлік тізгіндегенін анықтады, деп хабарлайды Semey News.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 – бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Автокөлік жүргізушісі ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған оқиға бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізушіні 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру көзделген,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 2021 жылдың өткен кезеңінде полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруының 60 фактісі тіркеліп, 38 факті бойынша айыптау үкімі шығарылды.
ЖКО-ға жол бермеу және өмірі мен денсаулығын, жақындары мен туыстарын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жол жүру ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқармауды ұсынады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button