ШҚООқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстан құтқарушылары ер адамды өз-өзіне қол жұмсаудан құтқарды

29 маусымда Өскемен қаласы, Башиков көшесіндегі үйлердің бірі өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Semey News.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 1,5 шаршы метр алаңдағы өртке оранған үйдің ағаш бөліктерін және заттарды өшіруге кірісті.

“Осы уақытта, барлау жүргізіп бастаған 7-ӨСБ қарауыл бастығы Жігер Cлямов үй ауласынан асылып өлмекші болған үйдің иесі, 1985 жылғы азаматты тапқан”, – деп хабарлады баспсөз қызметінде.

Жігер өрт сөндірушілер Олжас Қапановпен және Айбек Ақзаммен ер адамды құтқарып қалды және алғашқы көмек көрсетті, содан кейін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

“Үйді үй иесі өзі әдейі өртеген”, – деп хабарлады ведомства өкілдері.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button