ОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жер үйде өрт шықты, 2 адам жарақат алды

Ұлан ауданындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 маусымда Қасым Қайсенов кентіндегі жер үй өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенше 1970 жылғы ер адамның денесінің 15%-ын күйік шалған. Ал мансардтық қабаттың терезесінен секіріп кеткен 1972 жылғы азамат түрлі жарақаттар алды.  Сондай-ақ 1967 жылғы әйел 1 қабаттың терезесінен сыртқа шығып үлгерген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді.

«Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 3 минут ішінде келіп, өртті сөндіруге кірісті. Жалпы ауданы 50 шаршы метрге жеткен қызыл жалын мансардтық қабат қабырғаларын, шатырды, терезе мен есік блоктарының ағаш құрылымдарын шарпыған. Көп ұзамай өрт толықтай өшірілді», – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі – электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болып отыр.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button