ДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семейде балаларды оңалту орталығы ашылады

Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Семейде балаларды оңалту орталығы ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды Semey News.

Ана мен бала қоғамның басты байлығы. Сол себепті де олардың денсаулығы әрдайым басты назарда. Сау ұрпақты дүниеге әкеліп,үлкен өмірге бағыттау әр ата-ананың міндеті. Алайда, соңғы жылдары елімізде ауытқумен немесе мерзімінен ерте дүниеге келген балалар саны артып келеді. Ал, мұндай балаларға күтім де ерекше болуы керек. Осыған орай, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен жылдан бастап Қазақстанның түрлі қалаларында 9 оңалту орталықтары ашыла бастады. Олардың бірі Семейде ашылады деп күтілуде.

Фото: Анатолий Тернов


– Мерзімінен ерте туған нәрестелер саны азаймай тұр. Оларға  және ата-аналарына көмек қажет. Нәрестелерді оңалтып, өмір сүру сапасын арттыру біздің басты мақсатымыз. Балалар невропотолог, лор, афтольмолог сияқты дәрігерлердің қатаң бақылауында болуы керек. Сонда ғана біз кез-келген аурудың алдын аламыз,-дейді нәрестелер потология бөлімінің дәрігері Асия Мұхамедкәрімқызы.
Соңғы уақытта Семейде балалардың мерзімінен ерте тууы көбейген. Бүгінгі күннің  өзінде потология бөлімінде 45 нәрестенің 30-ы мерзімінен ерте туғандар. Осы ретте, аналар мұндай орталықтың ауадай қажет еткендіктерін жеткізді.
-Семей қаласында орталық ашылады деген қуанышты жаңалықты естіп қуанып тұрмын.  Мерзімінен ерте туған балаларға көп көңіл бөліну қажет. Енді балаларымыз арнайы мамандандырылған мамандардың бақылдауында болады. Дән ризамыз,-дейді қала тұрғыны Аида Баймолдина.
Айта кетейік, оңалту орталығында мерзімінен ерте туған шақалақтан ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бақыланатын болады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button