Ағымдағы жылдың 28 мамырында Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғыны 22.05.2021 жылы ауыл маңында орналасқан еркін жайылымнан оралмаған 5 жасар бір бас ірі қара малын іздеуге көмек көрсетуді сұрады. Шығын көлемі 400 000 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері дереу тергеу әрекеттері мен іздестіру шараларына кірісті. Тасжолдар мен ет өнімдерін өткізу орындарына жедел тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жоғалған сиырды полиция қызметкерлері жайылымнан алыс қашықтықтан тауып, иесіне қайтарып берді.
Аталған факті бойынша мал иесіне мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бап бойынша санкция 3 АЕК (8 751 теңге) айыппұл төлеу қарастырылған. Егер қараусыз мал денсаулыққа немесе мүлікке зақым келтірсе, айыппұл көлемі 10 АЕК (29 170 теңге) дейін өседі.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, өңірде малды қараусыз жіберу фактілері жалғасуда. Көп жағдайда полиция ұрланған емес, жоғалған жануарларды іздеуге мәжбүр болады.
Semey News