– Бізге жерді Семей қалалық әкімдігі берді. Инфрақұрылыммен, яғни электр қуаты және сумен қамтамасыз етілген. 83 шаршы метрден тұратын екі пәтерлі және көпбалалы отбасылар үшін 116 шаршы метрді құрайтын үйлер тұрғыздық. Бір шаршы метрдің құны – 140 мың теңге, – деп түсіндірді «СемейҚұрылысМатериалдары» ЖШС бас директоры Асхат Мейрманов.
Үйлердің барлығы жергілікті материалдардан тұрғызылды. Қабырғалардың қалыңдығы 50 сантиметр. Артықшылығы – тұрғын үйлер газбен жылытылады.
– Үйлер екі әдіспен жылытылады: газбен және қатты отынмен. Әр үйдің жеке жер учаскесі бар. Бұл шамамен он соток. Сонымен қатар әр учаске қоршаумен қоршалған, – деді Семей қаласы архитектура және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлыбек Рахымғалиев.
Жеке үй сатып алғысы келетіндер негізінен көп балалы аналар. Олардың ішінде Анар Сүлейменовада бар.
- Иә, анашым, әрине, біз бақша саламыз, дүкен тұрғызамыз деп балалар қуанды. Осы үйге келіп, «Бірқабатты Шығыс» үйлеріндегі бөлмелердің орналасуы және сапасы ұнады. Біріншіден газбен жылытылады, – деп көпбалалы ана қуанышымен бөлісті.
«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде Семейде 100-ге жуық жер үй тұрғызу жоспарлануда. Олардың құрылысына мердігер мекеме 1 миллиард теңгеден артық қаражат жұмсамақ.
Semey News