ҚоғамСемейТОП

Жарты ғасырдан астам уақыт журналистика саласында

Журналистиканың барлық қыр-сырын осы мамандыққа 53 жылын арнаған Лейла Уразбаева өте жақсы біледі.

Лейла Уразбаева – өз ісінің шебері, еңбек жолында ұзақ жылдар бойы бұқаралық-ақпарат құралдарында – газет, телеарна және радио салаларында қызмет жасады.

Лейла Сағнайқызының ата-анасы қыздарының биология факультетінде білім алғанын қалады. Ал өзі тергеуші болуды армандаған.

«Ертіс» облыстық газетіне жаз мезгіліне телетайп маманы керек болды. Қазір біз барлық қажетті ақпараттарды жаңалық ленталарынан ала аламыз, ал сол уақыттарда телетайп үшін бүтіндей бір бөлме бөлініп, үлкен аппараттар орнатылып, олардан лента арқылы  ТААС, ҚазТАГ және өзге де ақпараттық агенттіктерден хабарламалар түсетін.

  • Мен редакцияда екі ай жұмыс істедім, мүмкін, сол кезде журналистика рухы мені баулап алды. Содан кейін мені «Семей таңы» газетіне хатшы лауазымына қабылдады, ал күзде «Ертіс» газеті бас редакторының хатшысы лауазымы босады, – дейді Лейла Сағнайқызы.

Осылайша бір жыл өтті, оқуға тапсыру керек болды. ҚазМУ оқуға тапсыруға мүмкіндік болды, бірақта Лейла Сағнайқызы бас тартты. Себебі үлкен әпкесі Қарағанды қаласында оқыды және ата-анасына екі жақта екі қызды жеткізу ауыр болар еді. Сондықтан таңдау Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетіне түсті.

Сол жылдары студенттердің құрылыс жасақтары қарқын ала бастады. Жазғы демалыс уақытарында студенттік жасақтар үйлер, мектептер және шаруашылық құрылыстарын тұрғызды.

  • Семейге Свердловск қаласынан қырықтан астам студенттік жасақ келді. Олардың өздерінің «Планета» деген газеті болды. «Ертіс» газетінде құрылыс жасағының жұмысы туралы тұтас бір қосымша жолақ шығатын. 1968 жылы сәуірде газеттің екінші бетінің ең төменгі жағында менің «Трудовой семестр на подходе» атты шағын мақалам шықты. Диплом алып, Мақаншы ауданындағы сегіз жылдық мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына бөліндім.

Бірақ тағдыр басқаша шешілді.

  • Мен Мақаншыға келгенде, ұшақ алдында мені аудандық коммунистік партияның өкілі тосып алды және үшінші хатшыға апарды. Ол, «Сіз мектепке жұмысқа бармайсыз, біздің аудандық газет редакциясында жұмыс істейтін боласыз. Біз сіздің жаза білетініңізді білеміз және сіздің мақалаларыңызбан үнемі танысып тұрамыз…» деді. Осылайша мен «Ленинское знамя» газетіне келдім. Бастапқыда корреспондент, кейіннен хаттар бөлімінің меңгерушісі болдым. Келесі жылдың шілде айында «Планета» газеті мені қайта шақырды…

Келесі маусымның соңында Лейла Сағнайқызы № 12 мектепте жұмыс істеді, тұрмысқа шықты, ұлы Тимур дүниеге келді. Жарты жылдан кейін жас дарынды журналисті радиоға шақырды. Облыстық радио редакциясы шағын болды, төрт редактор жұмыс істеді. Әрқайсысы эфирге екі ірі бағдарламадан шығарды, сонымен қатар олардың міндеттеріне жаңалықтар шығару үшін ақпараттық хабарламалар блогын дайындау кірді.

  • Сол уақыттарда цензура қатаң болды. Күлкүлі жағдайларда болып тұрды. Бір жолдары мені қытай шпионы деп күдіктенді. Тоқсан қорытындысы бойынша Бүкілодақтық ту беретін. «Канонерка» совхозы осындай ту алды, ал бұған дейін бір апта бұрын совхоз «Құрмет белгісі» орденін алғаны туралы Жарлық шыққан. Мен өз тәжірибемнен білетінім, Жарлық жарияланғаннан кейін, орден бір немесе екі ай ішінде табысталады, бұл жолы ту мен орден бірге табысталды. Ал бізде облыстық коммунистік партиядан, өтпелі Қызыл туды бірінші хатшы Николай Морозов табыстайды деген ақпарат болды. Орден туралы сөз болған жоқ.

Телефон шалып, «Туды табыстады ма?» деп сұрадым, аудандық газеттің редакторы табыстағанын айтты. Мен орден туралы сұрамадым, себебі мен білмедім, ал ол білді, алайда маған айтқан жоқ.

Мен осындай маңызды оқиғаны «жасырғанымнан» алқа отырысы өтті, мені талқылады және мені қытай арнайы қызметіне жұмыс жасайды деп айыптады: біздің аймақтың өміріндегі осындай маңызды сәтті мен қалай ғана жасырар едім! Біз барлығын түзедік, – деп еске алды Лейла Сағнайқызы. – Сол кездері «Сым арқылы жазу» болды. Совхоз директорына телефон шалды, ол орденнің тұсаукесеріне қуанышын білдірді және біз оны эфирге шығардық.

Радиода тоғыз жыл жұмыс істеп Лейла Сағнайқызы, 1983 жылы телеарнадан ұсыныс алды. Жергілікті телеарнаға арналған эфир шығарылымынан бөлек, Орталық телеарнаның «Время» бағдарламасы үшін айына екі сюжет дайындауымыз керек болды. Жүктеме өте ауыр болды, күнделікті жаңалықтарды дайындау, жиі іссапарлар.

  • Осылай болатын: жұбайым іссапардан келетін, ал мен іссапарға шығып бара жатамын немесе мен келемін, ол кетіп бара жатады. Ұлымызды тәрбиелеп жеткізген анамызға рахмет.

1986 жылы Лейла Уразбаеваға «Время» бағдарламасында бір апталық машықтанудан өтіп, сол уақыттағы атақты дикторларды жақыннан көрді.

Өткен ғасырдың 90-жылдары көптеген өзгерістер болды, телестудияларға тиді. Барлық редакциялар бірлестіктерге бөлінді. Семейдің үші мықты журналистері – Федор Занарин, Надежда Семенова және Лейла Уразбаева «Спектр» бірлестігін құрды және өз бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізді. Қалалықтар қала өмірінің жағымды және жағымсыз жақтарын талқылайтын, тікелей эфирде өткізілген «Плюс-минус» авторлық бағдарламасын біледі.

«Бекзат» радиосының бас редакторы, ал содан кейін жергілікті телеарнада жаңалықтардың бас редакторы лауазымында жұмыс істеді. 1999 жылы оның «Личность» авторлық бағдарламасы шыға бастады.

Кейінірек арнада біздің қоғамның өмірінің әлеуметтік сәттері – тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдардың өмірі, әйелдер алкоголизмі, панасыз-балалар туралы айтатын «Грани» бағдарламасы пайда болды.

2009 жылы Лейла Уразбаева құрмет демалысына шықты. Ал кәсібін тоқтатқан жоқ. 1999 жылдан бастап университетте журналистика саласы бойынша білім берді. 2017 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің он бесінші түлектері журналист дипломдарын алды. Оның шәкірттері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында республикалық және аймақтық БАҚ жұмыс істейді.

Лейла Сағнайқызы Жас журналистер Ассоциациясын басқарады. Бұл бауырластық пен жазушылықтың біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Журналистика – емі жоқ індет. Кімде кім осы мамандыққа өзін арнаса, онда ол өмір бойы сол салада қалады. Әріптестерімізге өткір, әрі жақсы, ең бастысы, адал материалдар тілеймін, әр бұқаралық-ақпарат құралдары жылдан жылға танымал болсын, – деп тіледі журналистика ардагері.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button