ҚоғамСемейТОПШҚО
Семейдің қалалық маршруттарында өзге тасымалдаушы қызмет көрсетуде
16 сәуірде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Semey Bus» ЖШС-не дефолт жариялады. Қалада жолаушылар көлігінің тапшылығын болдырмас үшін әкімдік конкурс жарияланғанға дейін "Семавтопарк" ЖШС-мен шарт жасасу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Semey News.

– Бүгінгі таңда «Semey Bus» ЖШС қызмет еткен 23 бағыт бойынша 60-65 автобус жұмыс істейді. Әрине, бұл жолаушыларды тасымалдауға сапалы қызмет көрсету үшін жеткіліксіз. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Осы аптада автопаркке автобустар келеді деп күтілуде. Болашақта соттың барлық шешімдері заңды күшіне еніп, нақты нүкте қойылғаннан кейін жағдай тұрақтанады. Сот шешіміне байланысты осы техникаға қайталама лизинг жарияланып, жолаушылар тасымалымен айналысатын жаңа компания анықталатын болады. Егер «Semey Bus» ЖШС заң бойынша негіздемелерін дәлелдей алса, тиісті шешім қабылданады, – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
«Semey Bus» ЖШС қатысты сот шешімі ағымдағы жылдың 18 маусымында шығарылды. Кәсіпорын апелляциялық шағым беруге құқылы. Егер автопарк шешімге шағымдануға ниет білдірсе, іс тағы бір ай қаралады. Семей қаласы әкімінің орынбасары атап өткендей, заң бойынша мәселе тек күзге қарай шешілетін болады.
– Бүгінгі таңда «Smart Concept» компаниясы өз қызметтері үшін төлемнің 8-9% алады. Өскеменде өз валидаторларын орнатқан жаңа компания анықталды. Егер “Semey Bus” ЖШС-мен мәселе “ҚДБ-лизинг” пайдасына шешілсе, біз бұл компанияны тұрғындарға да, тасымалдаушыға да ыңғайлы ету үшін тарту мәселесін қарастыратын боламыз. Көлік басқармасы көлік карталары бойынша мәселені қарастыруда. Бізде «Таксомотор паркіне» қызмет көрсететін және оларға валидаторлар орнатылған автобустар бар болғандықтан, адамдар қолда бар көлік карталарының теңгерімін толық пайдалана алады. Сондықтан біз жаңа компания үшін жаңа карталарды қайта шығарамыз. Қазір мәселе шешілу сатысында, – деп қорытындылады Димитрий Гариков.

Semey News