
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының басында полиция органдарына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, бейтаныс әйел адам ноутбук сатамын деп оның 500 000 теңгесін алғанын хабарлады.
Полиция қызметкерлерімен алаяқ әйел анықталды, ноутбук иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semey News