
Жаттығудың мақсаты – жауынгерлік әрекеттерді жүргізу барысында басқару органдарының жұмысын жетілдіру, арнайы операцияларды жүргізуде түрлі құрылымдық бөлімшелердің үйлесімдік деңгейін жоғарлату.
Жаттығу барысында жеке құрамды құлақтандыру, жағдай туралы деректерді жинауға және талдауға арналған басқару пунктіндегі жұмысты ұйымдастыру, шешім қабылдау, жауынгерлік әрекеттерді жоспарлау, қарамағындағы бөлімшелерге жауынгерлік тапсырманы жеткізу жүзеге асырылды.
Сонымен қатар Шекара қызметінің, Ұлттық Ұлан және аумақтық қорғаныс әскерлерінің басқару органдарымен өзара әрекеттесу жүргізілді.
- Командалық-штабтық жаттығулар әскери басқарма органдарының және оның құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамын даярлау формаларының бірі болып табылады, – деп атап өтті «Шығыс» ӨҚ штаб бастығы генерал-майор Қуанышбек Уштаев.
Штаб бастығының айтуынша, жаттығу мақсаттарына қол жеткізілді, тапсырма толықтай орындалды, басқару органдары іс-әрекеттің үйлесімділігін және жоғары даярлықтарын көрсетті.
Semey News



