ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО: құтқарушылар мекеме қызметкерлерін және келушілерді эвакуациялады

Шығыс Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған түтінденуден мекеме қызметкерлері және келушілер эвакуацияланды, деп хабарлайды Semey News.

Өскеменде қоғамдық тамақтану орындарының бірінің мұржаларында жиналған май шөгінділерінен өрт болды. Оқиға орнына дереу келген құтқарушылар нысанның 40 қызметкерін және 70-ке жуық келушілерін эвакуациялады. Жарақат алғандар жоқ. Өрт алаңы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілді.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button