
ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті қыз баламен бірге пәтерде болып, оның жыныстық қызметтер көрсететінін кездейсоқ білген. Күдікті жұмыс күндері аяқталғаннан кейін жезөкшелер бір жерде жиналатынын және сол жерде табыстарын бөлетінін, сондай-ақ қаражаттың бір бөлігін жауапты адамға беретінін білген. Содан кейін қаражаттарын жымқыруды ойластырған.
“Бетіне маска киіп, жезөкшелердің жұмыстан қайтатынын күтіп, подъезде тығылып отырған. Жұмыстан оралып, жезөкшелер тапқан табыстарын бөлісіп, бір бөлігін жауапты адамға берген. Келіншек шыққан бетте ер адам оған тап болып, тапқан табысын ұрлап кеткен”, – деп түсіндірді ШҚО ҚАЖД өкілдері.
Ұлан аудандық пробация қызметінің бастығы Алмас Буйратовтың айтуынша, қаржы ұрлаған адамның бес жылға бостандығы шектелді. Ол есепке қойылды, пробация қызметінің инспекторлары онымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Semey News