ШҚОТәуелсіздікке 30 жылТОП
ШҚО-да «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз!» акциясы ұйымдастырылды
Бесқарағай ауданында «Jas Otan» Жастар қанатының аудандық бөлімшесімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасы аясында экологиялық «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз!» акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Semey News.
Акция мақсаты: ауылды жерлерді, аудан орталығын көгалдандыру, абаттандыру және жас буынды, өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиеге баулу болып табылады. Дәл осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз – деді белсенді Шалкарова Асем. Жалпы бұл акцияны ұйымдастыру арқылы біз өзіміздің тұрып жатқан мекенімізді, қоршаған ортамызды жаңа шырайға бөлеп, көріктенуіне үлесімізді қосамыз. Жеріміздің, суымыздың, тауымыздың, жарқырап жайнауы бүгінгі жастардың басты миссиясы деп есептейміз. Алдағы күндері біз бұл экологиялық акцияны 30 игі іс аясында жалғастыра береміз.
Semey News