ӘлемҚазақстанСпортТОП

Су добынан ҚР құрамасы әлемдік ерлер лигасының суперфиналында ойнайды

26 маусымда Грузия астанасы Тбилисиде су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді. Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті. В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button