
Ағымдағы жылдың 17-20 маусым аралығында облыс аумағында республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Көрсетілген уақыт аралығында 1200 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылып, оның шеңберінде 4000 аса нысандар зерттелді. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде 468 кәмелетке толмаған анықталды.
ЖПІШ өткізу кезеңінде 500 аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін өткізу – 10 адам, олардың 7-і кәмелетке толмаған; кәмелетке толмағанға темекіні және темекі бұйымдарын сатқан – 8 және ата –ананың немесе басқа заңды өкілдерінің бала тәрбиелеу міндеттерін атқармау бойынша 28 адам жауапкершілікке тартылды.
Осы профилактикалық іс-шара балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға бағыттылған.
Оған қоса, Полиция департаменті ата – аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және олардың тәрбиесіне тиісті назар салуға шақырады.