ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда екі ауданы әкімі ауысты

Шығыс Қазақстанда жаңа аудан әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бесқарағай ауданының әкімі лауазымына Жарқынбек Байсабыров тағайындалды. Жаңа лауазымға дейін ол ШҚО Абай ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарған.

Жарқынбек Борашұлы Байсабыров, 1969 жылы 9 тамызда ШҚО Үржар ауданы Бірінші май ауылында (қазіргі Жоғарғы Егінсу) дүниеге келген. Білімі – жоғары, Семей мал-дәрігерлік институтын және М.О.Әуезов атындағы семей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Үржар ауданы Калинин атындағы колхозда бастаған. Ол жерде 1996 жылға дейін санитарлық-емдік пунктің меңгерушісі лауазымында қызмет жасады. Содан кейінгі жылдары “Ерасыл” ШҚ жетекшілігімен айналысты.

2004 жылы Некрасовка және Жоғарғы Егінсу ауылдық округтерінің әкімі болды. 2008 жылы Үржар ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 20174 жылы Абай ауданының әкімі лауазымына тағайындалған.

Абай ауданының әкімі лауазымына Нұржан Абдыкаримов тағайындалды.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button