ҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде Оразғали Сейітқазыға тақта орнатылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы атындағы кабинет ашылып, тақта орнатылды, деп хабарлайды Semey News.

Оразғали Жүнісбекұлы 1969 жылы Қарағандының музыкалық училищесін бітірген соң, Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда қылқобыздан дәріс алған. 1974 пен 2001 жылдар аралығында осы музыка училищесінде еңбек етіп, қылқобыз сыныбын алғаш ашқан. Сондай-ақ, қазақ ұлттық аспаптар оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне, симфониялық оркестрге, хорға арнап талай шығарма жазған.

– Біз үшін өскелең ұрпаққа өнер майталмандарының еңбегін сөз жүзінде емес, іс арқылы көрсету маңызды. Сол себепті де, кабинет ашып, мемориал тақтасын орнаттық. Алдағы уақытта да, белгілі тұлғаларымыздың атына арналған кабинеттерді ашу жоспарда бар. Себебі, келер ұрпақ тарихи және мәдени құндылықтарды бойына сіңіруі керек,-деді М. Төлебаев атындағы музыка училищесінің директоры.

Қала мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өнер майталманының есімі өнерсүйер қауымның есінде мәңгі қалмақ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button