ҚазақстанОқиғаТОП

Ақтөбе облысындағы тас жолда адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды (фото)

Өткен түнде Қарабұтақ-Комсомол тас жолында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, 24 маусымда сағат 04.12 шамасында Қарабұтақ-Комсомол тас жолының 40 шақырымында, Аралтөбе ауылының маңында “Лада Приора” көлігінің 25 жастағы жүргізушісі көлікпен шұңқырға түсіп кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жүргізуші апат орнында қайтыс болды, ал 22 жастағы жолаушы Әйтеке би ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Еске салсақ, Алматы облысында көлік апатынан жеті адам мерт болған еді. Жантүршігерлік жағдай “Алматы-Көкпек-Көктал” тасжолында болды.

“Байсейіт ауылының маңында Toyota Rav-4 және Audi C4 көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады”, – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button