ШҚОҚоғамТОПШҚО

Өскеменнің автопаркі жаңартылады

Өскемендік тасымалдаушылар автопарктерді жаңартып, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесіне көшуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Автобус паркін жаңарту – маңызды мәселе. Жаңа көлік сатып алғанның пайдасы көп. Ол жолаушыларға жайлы, маршруттарға қызмет көрсетуге арналған конкурс шарттарының сақталуын және ең бастысы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Облыс орталығының кейбір компаниялары техниканы лизингке алуға ниетті екен, сондай-ақ, мемлекет пен Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдау көрсетуге дайын.

Алдағы уақытта тасымалдаушылар өз саласын дамыту бойынша жоспар жасамақ. Басқа мәселелерден бөлек бағыттарды өзгерту жөнінде ұсыныстарын дайындап, автопарктердің жылжымалы құрамын жаңарту механизмдерін енгізеді.

Осы айдарда

Back to top button