Covid-19ШҚОТОПШҚО
ШҚО-да 6 кәсіпкер «Ashyq» жобасынан екі аптаға шығарылды
Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасында 765 қатысушы тіркелген, оның ішінде 415 – ресми, 86 – тестілеу кезеңінде, 264 – ерікті түрде. 30 мамырдан 13 маусымға дейінгі аралықта облыстың алты кәсіпкерінде QR-код бойынша мүлде келушілер тіркелмеген. Осыған байланысты 18 маусымда олар екі аптаға жобадан шығарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған кәсіпкерлердің қатарында қоғамдық тамақтану орындары мен лото клуб бар.
Айта кетсек, «Ashyq» жобасы Шығыс Қазақстанда 26 сәуірден бастап енгізілген болатын. Кәсіпкерлік нысандарға QR-код арқылы кіру бойынша есептерді Цифрлық даму және әуеғарыш өнеркәсібі министрлігінде құрылып, екі апта сайын аймақтарға ұсынылады.
12-26 маусым аралығында QR-коды істен шығарылған қатысушылардың толық тізімін облыс әкімдігінің сайтынан көруге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/activities/13227?lang=ru&parentId=12418.
Semey News