
Министрге «Үнді штамының қауіпті екенін ескерсек, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың болжамы қандай?» деген сұрақ қойылды.
«Әрине, біз болжаумен айналысамыз. Үнді штамының елде қалай таралатынын түсіну өте маңызды. Нұр-Сұлтаннан басқа Алматыда бұл штаммның ықтимал белгілері пайда болды. Тіпті бір жағдай анықталды. Синхрондау негізінде біз ел бойынша кеңірек көріністі көре аламыз. Жалпы денсаулық сақтау жүйесі реакция беру бойынша қайта құрылды. Резервтік төсек қорын кем дегенде екі есе көп орналастыруға болады. Төсек-орындар дайын. Дәрілік заттар қоймаларда үш айлық қорда бар, жеке қорғаныс құралдары да жеткілікті», – деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, қазір Нұр-Сұлтанды қоспағанда, көптеген өңірлерде жағдай тұрақты, ал елордада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Semey News