
Қалалық әкімдікте, қала әкімінің орынбасарлары лауазымдарына Дмитрий Гариков және Дархан Жоргекбаев тағайындалғанын хабарлады.
Дмитрий Гариков, 1975 жылы ШҚО Бородулиха ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, ал 2000 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
1999 – 2000 жж. – Бородулиха ЖЖМС операторы;
01.2000 – 06.2000 жж. – Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы;
05.2011 – 06.2013 жж. – Семей қаласы әкімінің орынбасары;
06.2013 – 12.2014 жж. – Курчатов қаласының әкімі;
12.2014 – 09.2016 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
10.2016 ж. бастап – «ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ бастығы.
Дархан Жоргекбаев, 1979 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
01.2003 – 12.2004 жж. – ШҚО ақпараттық-статистикалық орталығының маманы;
01.2005 – 02.2005 ж.ж. – ШҚО Бесқарағай аудандық статистика басқармасының жоғарғы біліктілік деңгейінің маманы;
02.2005 – 04.2005 жж. – ШҚО статистика басқармасының жергілікті органдармен жұмыс бөлімінің жоғарғы біліктілік деңгейінің маманы;
04.2005 – 08.2005 жж. – ШҚО Ұлан аудандық статистика басқармасының жоғарғы біліктілік деңгейінің маманы;
08.2005 – 09.2005 жж. – ШҚО Тарбағатай аудандық статистика басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы;
09.2005 – 03.2011 жж. – ШҚО Тарбағатай аудандық статистика басқармасы бастығы;
04.2011 – 11.2011 жж. – ШҚО статистика есеп орталығы директорының орынбасары;
11.2011 – 12.2011 жж. – ШҚО статистика департаментінің бағалар статистика басқармасы жетекші маманының міндеттерін атқарушы;
12.2011 – 12.2011 жж. – ШҚО статистика департаментінің бағалар статистика басқармасы ныңжетекші маманы;
12.2011 – 05.2013 жж. – ШҚО статистика департаментінің Ұлан аудандық статистика басқармасының бастығы;
05.2013 – 03.2015 жж. – ШҚО статистика департаментінің Ұлан аудандық статистика басқармасының басшысы;
03.2015 – 10.2019 жж. – ШҚО аягөз ауданы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары;
10.2019 – 06.2021 жж. – ШҚО Ұлан ауданы әкімінің орынбасары.
Semey News



