ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО әкімі полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Бүгін елімізде екі бірдей кәсіби мереке - Мемлекеттік қызметкерлер күні мен Қазақстан полициясы күні аталып өтілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік ерекше. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы жетістігі, халықтың әл-ауқаты мен олардың билікке деген көзқарасы мемлекеттік қызметкердің еңбегі мен беделіне байланысты, – деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Сондай-ақ полиция қызметкерлерін де төл мерекелерімен құттықтап жазба қалдырды.

Мемлекеттік мәселелерді шешуде ішкі істер қызметінің еңбегі ерен. Полиция қызметкерлерінің жұмысы – батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі. Тәртіп сақшылары облыс қалалары мен аудандарында құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда күрделі әрі жауапты міндеттерді лайықты деңгейде орындайды, – деді Даниал Ахметов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button