ҚоғамСемейТОП

23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына 29 жыл, деп хабарлайды Semey News.

Жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтеді.

Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Еске сала кетсек, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын.

2007 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні деп бекітілді.

Соңғы уақыттары ІІМ жүйесінде полиция қызметін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу бойынша бірқатар өзгерістер болды. Семей қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаевтың айтуынша, қоғам құқық қорғау органдарының, соның ішінде бірінші кезекте полицейлердің жұмысын түбегейлі жақсартуды күтеді.

  • Жыл соңына дейін Семейде «Сергек» жүйесін енгізу жоспарлануда. «Көркем Телеком» ЖШС бейнекамералар орнатып, «Семей қаласында жол қозғалысын қадағалау үшін бейнабақылау жүйесі» жобасын іске асыруды болжауда. Аталған жоба қала тұрғындарының және көлік санының өсуіне байланысты үлкен маңызға ие болуда. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртіптерін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді, – деді Шалқар Құнанбаев.

Тұрғындармен кері байланыс орнату да биылғы жылдың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Желтоқсанда ІІМ әзірлеуші «Q19» ЖШС бірге «Азаматтардан хабарламалар қабылдау процессіндегі омниканалдық» жаңа жобасын енгізді. Аталған жоба бойынша мобильді қосымша, әлеуметтік желі, мессенджерлер, электронды пошта арқылы полицияға хабарлама жолдай алады. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Police 102» қосымшасы бойынша мобильді қондырғылар арқылы жолданған хабарламаларды тіркеудің пилоттық жобасы қосылды. Семей қалалық полиция басқармасының жедел басқару Орталығында интернет желісіне қосылған, азаматтардың хабарламаларын тіркейтін 3 автоматтандырылған жұмыс орны бар.

  • Әкімшілік өндірісті және қылмыстық іс-жүргізуді санданды форматқа көшіру бойынша жұмыс шеңберінде полиция қызметкерлерін барынша тиісті жабдықтармен жабдықтау жүргізілуде. Учаскелік полиция инспекторлары және жол қауіпсіздігі инспекторлары планшеттермен, термопринтерлермен, Sim-карталармен және басқа да қондырғылармен жабдықталған. Аталған жабдықтар полиция қызметкерінің жұмысын жақсартуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі таңда біз материалдық-техникалық жабдықтау жақсартылды деп айта аламыз, – дейді Семей қ. ПБ бастығы.

Полиция бүгінде санды формат жұмысына көшуде. Егер былтырғы жылдың аяғына қарай жалпы тіркелген қылмыстық істердің 50% ғана электронды форматта тергелсе, бүгінгі таңда барлық қылмыстық құқықбұзушылықтардың 78% осы форматта тергелуде.

  • Полиция қызметі әрқашан ержүрек, батыл және адал, кез-келген уақытта өзгелер үшін өзін тәуекел етуге дайын, рухы күшті адамдардың ісі болған және солай болып қала береді. Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жас қызметкерлердің қалыптасуына және тәрбиесіне орасан зор үлестерін қосып, бай тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет барысында қайтыс болған қызметкерлердің отбасына қолдау көрсетіп жүрген біздің ардагерлерімізге алғысым шексіз, – деп қорытындылады Шалқар Құнанбаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button