
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
– Биыл қаладағы 42 мектептің ғимаратын жөндеуге бір жарым миллиард теңге бөлінген. Бұл жұмыстардың барысын жеке бақылауыма алып, күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырамын, – дейді шаһар басшысы.
Бүгін әкім номер 37-ші және 39-шы мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтқан екен. Мұндағы атқарылатын жұмыстардың құны 51 және 38 миллионды құрайды. Жөндеу жұмыстары коммуналды желі мен шатырды қайта құру, шыныпакеттерді ауыстыру секілді басқа да қажетті шараларды қамтиды.
– Сонымен қатар, барлық мектептерде бөгде адамдардың кіруіне шектеу қоятын турникеттер мен ” SOS дабыл түймесін” орнату жұмыстары да басталды, – дейді Жақсылық Омар.
Semey News