
Шара шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол ережелерін бұзушылар анықталуда.
Іс-шараның алғашқы күнінде 9 млн. теңгеден астам қарыз өндірілді, 48 автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
- ЖПІ барысында тәртіп сақшыларымен облыс орталығына жиі келіп, жол ережесін бұзған, жалпы сомасы 77 мың теңгені құрайтын, 10-нан астам әкімшілік айыппұлы бар Семей қаласының тұрғыны анықталды. Иесі берешектерін толық төлегенге дейін автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерназ Базаров.
Semey News