
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы орталығы» ЖШС директоры Әби Әлменбетов мәлімдеді.
– Электронды билеттеу жүйесі арқылы екі күн ішінде 3 мыңнан астам төлем жасалған. Талдау қорытындысына сүйенсек, төлемдердің көп бөлігі №12, 24,60 және 67 автобус бағыттары бойынша жасалған екен. Осыған байланысты, жүйеніғ жұмысын аталған бағыттарда тесттік режимді жалғастыру туралы шешім қабылданды, – дейді Әби Әлменбетов.
Демек, 21 маусымнан бастап жол ақысын тек №12, 24,60 және 67 бағыттарда ғана электронды түрде төлеуге болады. Ал барлық автопарктер штаттық режимде жұмыс істей береді.
– Қала тұрғындарынан түскен көп өтініштерге байланысты, тесттік режим мерзімінде жеңілдетілген жол ақысын ақшамен төлеуге рұқсат етіліп отыр. Яғни, тесттік режим кезінде жолаушыларға қарастырылған жеңілдіктер арнайы карта болмаған жағдайда да сақталады, – дейді Әби Әлменбетов.
Жеңілдік картасын Жібек жолы, 3 мекен-жайы бойынша алуға болатынын естеріңізге саламыз. Ол үшін өтініш жазып, сізге жеңілдік берілгенін дәлелдейтін құжаттарды бірге өткізу қажет.
Semey News